Парламенттің қос палатасы да демалысқа шықты. Хош, заң мен тәртіпті үйлестіріп, халық дауысын мінберде естіртетін депутаттар биыл қанша заң қабылдады? Неше мәселені қаузап, қандай түйіткілдерге үн қосты? Халық қалап, сенім арата сайлаған сайыпқырандар қаншалықты жұртқа жақын, елге сүйкімді болды? Олар қабылдаған елеулі шешімнің бірі – түрмедегі азаматтарға рақымшылық жасау. Қарар күшіне енді ме? Қанша тұтқын абақтыдан босап шығады? Қанат Жолдасбек зерттеп көрді.


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ

Депутаттар өткен сессияда 39 жалпы отырыс өткізді. 249 мәселені қарап, 90 заңды бекітті. Басым бөлігі елдің экономикалық әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған үкімдер. Бұқараның биліктегі өкілдері парламенттің 3-ші сессиясында үкімет пен құзырлы органдарға 461 депутаттық сауал жолдады. Оны мәні мен мазмұны қандай?


НҰРЛАН БЕКНАЗАРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

– «Көпшілгі еліміздің, өңірдегі экономикалық дамуға, әлеуметтік қолдау мәселелері. Мемлекет басшысы ұсынған «заң мен тәртіп» қағидатын енгізіп, орнату. Барлығы заң шеберінде болу қажеттігі қамтамасыз етілді.»


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ

Биыл 15 мың адамға рақымшылық жасалады. Оның 4 мыңнан астамы абақтыдан босап, еркіндікке шығады. Оған қоғамға қауіпсіз, аса ауыр қылмыс жасамағандар ілінеді. Қатарына кәмілетке толмаған баласы бар аналар мен жүкті әйелдер де кіреді. Ал тағы бірнеше мың жазасын өтеушінің мерзімі қысқарады. Ата заңның 30 жылдығына орай қабылданған шешім аясында Шымкенттегі түзеу мекемелерінде отырған 747 адамның мерзімі азайтылып, 25 тұтқын бостандық алады. Хош, рақымшылық кімдерге, қандай қылмыс жасаған азаматтарға жасалады?


НҰРЛАН БЕКНАЗАРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

– «Ауыр және жеңіл қысмыстар. Қайталанбаған қылмыстар. Қандай да бір қылмыстың зардабы болады.» «Арызданушы жақ кешірім берген жақ қана кешірім алады.»  «Содан кейін аз қамтылған отбасы балалаларына, жүкті әйелдерге, мүгедектігі бар азаматтарға, содан кейін кенеткерлік жасына келген азаматтарға қолданылады.»


 Елімізде сотталғандарға бұған дейін де 9 рет рақымшылық жасалған. Жауаптылар босап шыққан азаматтарды қоғамға бейімдеу, жұмыспен қамту жағдайларын да қарастыру үстінде. Айта кетейік, сыбайлас жемқорлықпен істі болғандарға ешқандай рақымшылық жасалмайды.