Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ тағы да түлектерін ұшырды. Филология факультетінің студенттерінің төккен тері ақталып қолдарына диплом алды. Салтанатты шараны тілші әңгімелейді.


 Бұл жолы 180 тіл маманы жаңа өмірге қадам басты. Солардың бірі Арай Тұрсынбек. Жас түлек білім қуған төрт жыл көзді ашып жұмғанша өте шыққанына таң. Оқу ордасында білімі жетіліп, достар қатары артқанына қуанышты.


АРАЙ ТҰРСЫНБЕК, ЖАС ТҮЛЕК

Біз осы оқу ордада оқығанымызға қуаныштымыз. Ең алған 2021 жылы МҰХТАР ӘУЕЗОВ атындағы ОҚУ бокалавр мамандығына түскен болатынбыз. Журналист боламыз деп. Төрт жыл зулап өтіп аңсаған мамандығымызға қол жеткізіп отырмыз. Бала болып келген едік бәрі артта қалып есенйіп шығып жатырмыз.


Салтанатты шараға түлектердің ата-аналары да арнайы келіпті. Бел баласының жетістігіне қуанып, өздері оқу бітіргендей күй кешуде.


 НҰРЛАН ЕСІРКЕПОВ, АТА-АНА

Бүгін біз үшін өте қуанышты кұн түлектердің диплом алып жатқан күні . Қызымыз бүгін журналист мамандығының иегері болып отыр. Бүгінгі бітіруші түлектердің барлығына ақ жол тілейміз.


Жалпы филология факультетінде 1574 студент оқиды. Оларға 104 профессор оқытушы құрамы дәріс беруде. Мүғалімдердің барлығы өз ісінің кәсіби шебері –дейді университет проректоры,


 ҒАНИ БЕСБАЕВ, МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ПРОРЕКТОРЫ

Оның ұшеуі ғылым докторы 4 PJ докторы 45 ғылым кондидаты, 5 оқытушымыздың үздік атағы бар.


Төрт жыл көз майын тауысып білімін шыңдаған жастар салтанатты жағдайда дипломдарын қолға алды. Мантия киіп мінберге шығып мәртебесі артты.Түлектердің 9-ы үздік дипломға қол жеткізді.