Елімізде Decentrathon 4.0 – ең ірі офлайн-хакатон ресми түрде өтті. Бір мезгілде 20 қалада ұйымдастырылған шараға 4 мыңнан астам адам қатысты. Үшінші мегаполистегі негізгі алаң - Shymkent Hub технопаркі болды. Мұнда цифрлық жобалар үшін бақ сынаған 171 команданың 50-і офлайн, қалғандары онлайн тіркелді.


Алғашқы күн Web3.0 және блокчейн технологияларына арналды. Кейін жасанды интеллект бағытында нақты кейстер ұсынылып, қатысушылар менторлардың қолдауымен жобаларын дайындап, сарапшыларға қорғауға әзірледі.


САЛТАНАТ ҚАЗЫБЕКҚЫЗЫ, IT-МАРАФОНҒА ҚАТЫСУШЫ

Тапсырма берілді. Біз екі кеста қарастырып жатырмыз. Екеуіде қызықты тапсырмалар. Біріншісінде суретті анализ жасау арқылы анықтайтын боламыз. Екіншісінде қатысушының қауіпсіздігі туралы тапсырма берілген екен. Бұл өте керемет бастамалар. Болашақта өз нәтижемізді көрсетеміз деп ойлаймын.


Decentrathon бұған дейін үш рет өткен. Биылғы маусым тың идеялар мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.


ҚҰРМАНҒАЗЫ МҰРАТОВ, SHYMKENT HUB АЙМАҚТЫҚ МЕНЕДЖЕРІ

Хакатонда екі негізгі кейс бар: InDrive және BCC-HUB жасанды интеллект бағыттары. Жүлде қоры – 15 млн теңге. Қазақстан бойынша 4 мыңнан астам қатысушы бақ сынап жатыр.


Жалпы жүлде қоры – 50 мың АҚШ доллары. Финалға өткен үздік жобалар Digital Bridge-2025 халықаралық конференциясында таныстырылады.