Заңға сәйкес кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз көшеде жүруіне тыйым салынған. Алайда бұл талаптың сақталмауы әлі де өзекті. Құқық қорғаушылардың айтуынша, түнгі мезгілде жасөспірімдерді ойын клубтары мен кафе-барлардан жиі көруге болады.
Осыған байланысты Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы кезекті рейд өткізді. Тексеру барысында кафе-барлардан 10-ға жуық құқық бұзушылық анықталып, 5-тен аса әкімшілік хаттама толтырылды. Әр ата-анаға 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ көңіл көтеру орындарында кәмелетке толмағандарға қорқор ұсынған кәсіпкерлерге де шара қолданылатыны ескертілді. Полиция өкілдері ата-аналарды балаларына жауапкершілікпен қарауға, ал жастарды заңды бұзбауға және денсаулыққа зиян әдеттен бойын аулақ ұстауға шақырды.
БАТЫРБЕК МЫРЗАҒАЛИ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Ойын-сауық орындарында жүрмеуге, ішімдік ішіп, қылмысқа бармауға тұрғындарымызға ескертеміз. Мүліктерін қараусыз қалдырмауды, интернет алаяқтықтан сақ болуды сұраймыз. Ешбір банк клиентке хабарласып, құпия деректерді сұрамайды. Бейтаныс нөмірлерге жауап бермеңіздер.