Бизнесте кедергі көп, соның ішінде экспорт мәселесі ерекше өзекті. Осы түйткілді талқылау үшін ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Шымкентке келіп, өндіріс орындарын аралап, кәсіпкерлермен жүздесті.


 Вице-министр «Барыс 2007», «AsiaTrafo», «Wan Sheng Ceramic» және «Pioneer Grain Products» кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Мысалы, «Wan Sheng Ceramic» тастақталары шетелдік баламалардан сапасы жоғары болғанымен, ішкі нарықта бағасы қымбатқа түседі.


АЙДАР ӘБІЛДАБЕКОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ

Керамогранит шығаратын мекеменің өз мәселелері бар. Сыртқы нарықта өнім жақсы сатылады, бірақ ішкі нарықта шетелдік өнімдер арзанырақ. Өз елінде 7 доллар болса, сыртта 4 доллар екен. Барлығын жазып алдық, зерттеп көреміз.


 Кейін қала әкімдігінде өткен жиында сауда саласын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және тұтынушылар құқығын қорғау талқыланды.


 АЙДАР ӘБІЛДАБЕКОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ

Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі әріптестеріме жеткіземін. Маған толық жазып жіберіңіз.


 Кәсіпкерлер экспорттағы түйткілдер туралы сауалдарын қойып, нақты жауап алды. Жиын бизнес пен билік арасындағы диалог алаңы ретінде тиімді өтті.