Шымкенттік жігіттер шекара күзетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы әскери бөлімдерге шақырту жалғасуда. Бұл жолы 22 жас сарбаз Алматы облысында орналасқан бөлімшелерге мерзімді әскери қызметін өтеуге жол тартты.
Дастан Асқаров Сарыағаш қаласының тумасы. Әскер қатарына Шымкенттен аттануды жөн санапты. Әскери комиссариятқа өз еркімен келген болашақ сарбаз отан алдында борышты өтеу ер азаматтың парызы деп біледі.
ДАСТАН АСҚАРОВ, ӘСКЕРГЕ АТТАНУШЫ
Мен осы әскерге кетем деп осы жылы шешім қабылдадым. Бұл әр ер жігіттің парызы деп білемін. Менің әскерге қызығушылығымды арттырған ол ағам. Әскерде қатал тәртіп нағыз еркек болып келесің. Мен әскерге өз еркіммен келдім Менен кейін келетін жігіттерге әскерге келуге кеңес берем.
Шекара қызметі бөлімшелерін жасақтау жұмыстары биылғы жылдың 2 қазанына дейін жалғасатын болады. 2 қыркүйектен 2 қазанға дейін шамамен 170 шақырылушыны Шекара қызметінің бөлімшелеріне жөнелту жоспарланған.
ӘБДІҒАБИТ ШЕГЕБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ
Әскердің барлық бес түріне бірінші кезекте жібереміз. Соның ішінде бірінші кезекте ол шекара қызметі. Салтанатты түрде біздің шақырулушыларымыз тұр. 20 адам Алматы қаласына қарасай ауданына әскерге барады. Өз қызметтерін атқарады. Ол жерде оқу жаттығу өткізіп олар заставаға кетеді.
Салтанатты шара барысында Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшылығы жас сарбаздарды әскери қызметінің басталуымен құттықтап, оларға төзімділік, тәртіп және барлық сынақтарды сәтті еңсеруді тіледі. Шымкенттік өнерпаздар патриоттық әндерін шырқап жас жігіттерге жігер берді. Әскерге шақырылым 1-ші қыркүйек пен 31-ші желтоқсан аралығында жалғасатын болады.