Мерекелік жиын барысында этномәдени байланыстарды нығайтуға, ел бірлігі мен татулығын сақтауға үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды. Бұл құрмет – олардың Қазақстан қоғамындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы еңбегінің айқын бағасы.


 Айта кетейік, қазақ пен өзбек халқы ежелден тату көршілік пен бауырмалдық қарым-қатынасты сақтап келген. Бүгінде екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік барлық салада тереңдеп, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық артып келеді. Шымкентте өткен бұл мерекелік шара соның айқын дәлелі болды.


 Өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні – Қазақстандағы этносаралық келісімнің, көпұлтты қоғамдағы достық пен сыйластықтың жарқын көрінісі.