Түркістандық полицейлер оқушылармен кездесіп, құқықтық тұрғыда дәріс оқыды. Жас буынға есірткінің зиянын айтып, теріс әрекеттің жауапкершілігін түсіндірді. Қоғамдық қауіпсіздік мәселесін ұғындырып, полицей жұмысымен таныстырды.
Құқық бұзушылықтың түрлері мен оның заң алдындағы салдары туралы кеңінен әңгімеледі. Әрбір азаматтың заңды құрметтеуі қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі екенін атап өтті. Сақшылар оқушыларды спортпен айналысуға, пайдалы іспен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырды. Мұндай шаралар оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, теріс қылықтардың алдын алуға көмектеседі дейді полицейлер.