Елде енді Жасанды Интеллект мамандарын даярлайтын университет ашылмақ. Бұл туралы Елордада өткен алқалы жиында Мемлекет басшысы мәлімдеді.


Президент пікірінше, қазір елдегі оқу орындарында бұл бағыт тек жекелеген пән ретінде оқытылып жатыр. Сондықтан жұмысты жандандыру қажет. Бұдан бөлек, президент жасанды интеллектіні мектептерге де енгізіп, әр оқушының қарым-қабілетіне сәйкес жеке оқыту бағдарламасын әзірлеу керегін мәлімдеді. Оған қоса, ұстаздардың жұмысына қатысты да жаңашылдықтар орын алмақ.


Айта кетейік, Түркістанда ЖИ мамандарын даярлайтын су жаңа «Woosong University Kazakhstan» студенттерге есігін айқара ашып үлгерген. 17 қабаттан тұратын ғимарат 2000-нан аса студентті қабылдауға қауқарлы. Тіпті, Республиканың түкпір-түкпіріндегі 400-ге жуық талапкер құжат тапсырып үлгерген.