Шымкентте «Еңбек күні» мерекесіне орай ерекше мәнге ие шара ұйымдастырылды. «Еңбек – елдің мұраты» атты өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі аймақ жастары мен жұмыс іздеушілеріне үлкен мүмкіндік берді.


Шараға түрлі саладағы жетекші кәсіпорындар мен мекемелер, өндірістік компаниялар мен қызмет көрсету ұйымдары қатысты. Жәрмеңке барысында азаматтарға бос жұмыс орындары ұсынылып қана қоймай, еңбек нарығындағы жаңа мүмкіндіктер таныстырылды. Сонымен бірге қатысушыларға кәсіби бағдар беру, мамандық таңдау және қайта даярлау курстары бойынша кеңес берілді.


 Бұл жәрмеңке – жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерді тікелей байланыстыратын тиімді алаң. Мұнда әр азамат өзіне қолайлы жұмыс табуға немесе біліктілігін арттыруға мүмкіндік алады. Еңбек – ел дамуының басты тірегі. Сондықтан әрбір адамның еңбек етуіне жағдай жасау – біздің ортақ міндетіміз.


 Жәрмеңкеге түрлі жастағы азаматтар шақырылады. Әсіресе жастарға, жаңа білікті мамандарға, сондай-ақ еңбек тәжірибесі бар азаматтарға ұсынылатын орындар жеткілікті. Мамандардың айтуынша, мұндай іс-шаралар халықты жұмыспен қамтуға, аймақ экономикасын нығайтуға және әлеуметтік тұрақтылықты арттыруға ықпал етеді.


«Еңбек – елдің мұраты» атты өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – еңбекке құрмет көрсетудің, халықтың әлеуетін арттырудың нақты қадамы. Ұйымдастырушылар шараға келіп, өз болашағына жаңа мүмкіндік ашуға шақырады.