Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау – денсаулық сақтау жүйесінің маңызды бағыттарының бірі. Қаладағы емханаларда арнайы есепке алу жұмыстары жүргізіледі. Бұл – әрбір тұрғынның жағдайына қарай дер кезінде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Емхана мамандары алдымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды толық тіркеуден өткізеді. Әрбір адамның диагнозы, қажетті емдеу түрі, қабылдайтын дәрілері электронды жүйеде сақталады. Осы арқылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жүйелі тексеруден өткізу және арнайы мамандардың қабылдауына жолдау жеңілдейді.
Дәрігерлердің айтуынша, мұндай есеп – азаматтардың денсаулығын үздіксіз бақылауға, алдын алу шараларын дер кезінде жүргізуге жағдай жасайды.
Барлық қызмет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін көрсетіледі. Бұл – азаматтар үшін қосымша шығынсыз, сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.
Осылайша МӘМС жүйесі арқылы медициналық қызмет пен психологиялық сүйемелдеу қатар ұсынылады. Емхананың мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамнан шет қалмай, толыққанды өмір сүруіне жағдай жасау.
Ал психологиялық қолдау – мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше қажет қызмет. Емхана жанындағы психолог мамандар тұрақты қабылдау жүргізеді. Мұнда адамдар өз уайымымен бөлісіп, сенімді ортада кәсіби кеңес ала алады. Психологтар отбасы мүшелерімен де жұмыс істейді. Себебі науқастың жан дүниесін түсіну мен қолдау – сауығуға үлкен ықпал етеді.
Осылайша медициналық қызмет пен психологиялық сүйемелдеу қатар жүреді. Емхананың мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамнан шет қалмай, толыққанды өмір сүруіне жағдай жасау.