Енді Қазақстандықтар Арменияға жеке куәлікпен кіре алады. Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Армения Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданды.
Естеріңізде болса, бұл келісімге қос ел Президенті 2024 жылдың сәуір айында қол қойған еді. Келісімнің негізгі шарттары ретінде Қазақстандық азаматтар Арменияға жеке куәлікпен, ал армян азаматтары біздің елге сәйкестендіру картасымен келе алады. Әр елдің азаматтары бір-бірінің аумағында 90 күнге дейін емін- еркін жүріп-тұра алатын болып уағдаласқан. Шекара асқан соң алғашқы 30 күнде тіркелу міндетті емес, яғни бір ай бойы тіркеусіз жүруге рұқсат берілді.