«Достық» шағынауданындағы бұрынғы қоқыс полигонының орнында «Экосаябақ» құрылысы басталған еді. Қазір онда абаттандыру және көгалдандыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр.


Қала әкімі Аралау барысында қоғамдық кеңістіктің құрылысымен танысып, ағаш отырғызу акциясына қатысты. Жалпы 6 800 түп ағаш егу жоспарланған. Демеушілер есебінен салынып жатқан 45 гектар аумақты қамтитын «Экосаябақ» қала тұрғындары мен қонақтары үшін заманауи демалыс орнына айналмақ. Мұнда жайлы әрі қауіпсіз тынығуға барлық жағдай жасалады. Қала әкімі сондай-ақ, Қаратау ауданы, «Астана» шағынауданындағы жылу магистралінде жүргізіліп жатқан апатты-қалпына келтіру барысын тексерді. Қазір екі көпқабатты үй уақытша жылусыз отыр. Коммуналдық қызмет мамандары жөндеу жұмысын мүмкіндігінше жедел жүргізуде. Жауапты тұлғаларға жұмыстың сапалы әрі уақтылы орындалуын, сондай-ақ абоненттерді мүмкіндігінше тез арада жылуға қосуды тапсырды.