Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған облыс делегациясының Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары Самарқанд облысында қорытындыланды. Делегация екі өңір арасындағы туризм саласындағы әріптестікті нығайту бойынша келіссөздер жүргізді.
Сапар аясында Самарқанд облысының хокимі Әдиз Бобоевпен кездесу өтіп, тараптар өзара түсіністік, оның ішінде туризмді бірлесе дамыту туралы меморандумға қол қойды. Құжат аясында Түркістан мен Самарқанд облыстары туризм, мәдениет, білім және инвестиция бағыттарында бірлескен жобаларды дамытуға уағдаласты. Меморандумда туризмді дамыту, топтық саяхаттарды көбейту, екі өңірдің туристік орындарын бірлесе насихаттау, саяхатшылар алмасу және өзге де бастамалар қамтылған.