Қазақ күресінен белгілі спортшы Қамбар Байділләұлын еске алуға арналған облыстық ашық турнир өз мәресіне жетті.Жарысқа елдің әр өңірінен келген 500-ге жуық спортшы қатысып, боз кілем үстіндегі бәсекеде шеберліктерін сынға салды.
Тартысты турнирге қазақ күресінің майталмандары мен «Қазақ барысы» жобасының жеңімпаздары арнайы шақырылып, жас спортшыларға қолдау көрсетті.Он екі ауданнан келген балуандар кәсіби шеберліктерін шыңдап, спорттық дәстүрді дәріптеді.
ӘЛИАСҚАР БЕРДІМҰРАТОВ, ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Ол бірінші еңбек жолы қазіргі Қажымұқан совхозында бастады.Одан кейін Қостанай қаласындағы жоғары оқу орнына түсіп, соны тәмамдап, өмірінің соңына дейін аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.Сол жылдары өзінің еңбексүйгіштігімен көзге түскен болатын.
Шара соңында 350 адамға ас беріліп, мәртебелі азаматтың рухына құран бағышталды.Белгілі спортшының жары жолдасын еске алып, оның ұлттық спортты дамыту жолында төккен тері мен еткен еңбегін айрықша атап өтті.
НӘСИРА БЕРДІМҰРАТОВА, ҚАМБАР БАЙДІЛЛӘҰЛЫНЫҢ ЖАРЫ
Бүгін өмірлік жолдасым, балаларымның асқар тау әкесіне арнап ас беріп жатырмыз.Дүниеден өткеніне жиырма жыл өтті. «Өлі риза болмай, тірі байымас» дейді.Балаларым әкелерін еске алып, осылай үлкен ас беруге ниет етіп едік.
Бұл турнир тек спорттық бәсеке ғана емес, жас балуандардың рухын биіктетіп, ұлттық күрестің дамуына елеулі үлес қосқан ерекше шара.Жиынға қатысушылар Қамбар Байділләұлының өнегелі өмір жолын баяндап, жас ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие берудің маңызына тоқталды.