Шымкент қаласындағы базарларды жаңарту жалғасуда. Осыған орай сала мамандары сауда орындарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады, базар әкімшілігі мен кәсіпкерлерге тәртіп пен талаптарды түсіндірді.
Бүгінгі таңда бекітілген жол картасына сәйкес 4 базар жаңартылуда – «Авто-Нұр», «Орталық қырғы базар», «Жабық базар» және «Назым апа» базары. Жауапты мамандар жұмыстың сапасы мен қарқынын тексерді, нысан иелері мен құрылыс жүргізушілеріне жаңарту жұмыстарының талаптары мен мерзімдерін түсіндірді, құрылыс мерзімін созуға жол берілмейтінін ескертті. Айта кетейік, сауда орындарын жаңарту ҚР Сауда және интеграция министрлігі бекіткен «Базарларды жаңарту жөніндегі жол картасына» сәйкес іске асырылуда. Тиісті жұмыс бекітілген мерзімде аяқталмаған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар, соның ішінде айыппұл салу немесе нысанның қызметін тоқтату да қарастырылған.