Білім беру саласында заңдылық пен сапаны қамтамасыз етудің негізгі тетіктерінің бірі – лицензиялау жүйесі. Лицензия – бұл білім беру ұйымының ресми түрде оқу қызметін жүзеге асыруына берілетін рұқсат құжаты. Ол оқу орнының материалдық-техникалық базасы, педагог кадрларының біліктілігі және оқу бағдарламаларының мемлекеттік стандарттарға сәйкестігі бар екенін дәлелдейді.
Білім беру мекемелерін лицензиялау жұмыстарын Білім сапасын қамтамасыз ету департаменті жүзеге асырады. Бұл процесс білім беру сапасын арттыруға, заң талаптарына сай оқу орындарын іріктеуге және бәсекеге қабілетті білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Лицензия алу үшін қажетті құжаттар электронды түрде қабылданады. Барлық өтініштер мен тіркеу рәсімдері «E-licensing» мемлекеттік порталында жүргізіледі. Бұл жүйе кәсіпкерлер мен ұйымдарға ыңғайлы әрі ашық мүмкіндік береді. Құжаттар толық ұсынылғаннан кейін сараптау жүргізіліп, талаптарға сай болған жағдайда лицензия беріледі. Егер кемшіліктер анықталса, өтініш берушіге оларды түзетуге уақыт беріледі.
Бүгінде азаматтарды толғандыратын басты мәселе – оқу орындарының сапасы мен заңдылығы. Сол себепті лицензиялау үдерісі тек рұқсат беру емес, білім сапасын бақылаудың маңызды кезеңі болып саналады.
Білім беру мекемелерін лицензиялау – елдегі әрбір оқу орнының сапалы, қауіпсіз және заң талаптарына сай қызмет атқаруын қамтамасыз ететін маңызды жүйе. Бұл – жастардың сапалы білім алуына, ал қоғамның болашағына салынған сенімді инвестиция.