Ерболат Оспановтың қос бірдей қымызханасы бар. Олардың бірі «Қайтпас-1» мөлтекауданында орналасса, екіншісі Сайрам ауданындағы Қызылсу ауылынан орын тепкен. Ағарғанның төресі – қымыз жыл он екі ай үзілмейтіндіктен, кәсіпкер келушілерге мезгіліне сай жай сайлаған. Жазда сәкі, көктемде киіз үй, салқын түссе, жылы әрі ыңғайлы дәмханасы бар.
Ерболат Оспанов, кәсіпкер
Қымыз саласы көбінесе ОҚО мен Төлеби ауданында және Түлкібас аудандарында ретке қойылған.Таулы аудандарда қымызды жиі тұтынады.Енді, төменгі аудандарда көбінесе шұбат пайдаланылады.Біз шұбатты да қосып жатырмыз.Ендігі ойымыз басқа аудандардан да ашсақ па деген ниетіміз бар.
Бал татыған қымыздан дәм татқысы келетіндердің қарасы қалың. Дәрі-дәрмек ішсе де, дәрмені кеми түскендер саумалға аңсары ауып келеді. Ағарғанның бұл түрі әр кесесіне – 250 теңге. Білетіндер, ағзаның қорғаныс күшін нығайтады, асқазан-ішек жұмысын жақсартады, - дейді. Аллерголог мамандардың өзі саумал – аллергияға қарсы мықты күшке ие деп, мойындаған. Халыққа қызмет көрсетуде аяғынан тік тұратын қызметшілер таңның атысы, күннің батысына дейін 8 рет бие сауады.
Дина Бимурзаева, «Майбұлақ» қымызханасының қызметшісі
Бұл жерде жатқанда ең алғашқы рет бастағанда 300 грамнан бастайды. Одан кейін ағзасы жақсы қабылдаса, саумалды жарты литрге жеткізеді. Бұл жердегі пайдаланушылар дәрігерлердің нұсқаулығымен ішеді.
Қымызхананың бірі «Мейір» ардагерлер үйінің жанында. Негізгі қолданушылар да - аудан, қалалардан келген қариялар. Сейдулла ақсақал - Мақтарал ауданының тұрғыны. Шипажайда ем қабылдап жүрген атамыз сыр берген сырқатым, саумал ішкелі сап тиылды, - дейді.
Сейдулла Молдабеков, Мақтарал ауданының тұрғыны
57 сек Мен енді саумалды 2-3 жылдан бері ішіп жүрмін. 20 сек. Бұрыңғы уақытта біздің қазақта дәрігер деген болмаған. Осы сияқты саумал,қымыз,қымыранмен емделген. Халқымыздың денсаулығы мықты әрі жақсы болған.
1 мин 10 сек Алдыңғы жылы тамақтан уланып қалдым. 3 жылдан бері саумал ішіп, осы саумал арқылы денсаулығым жақсы болды деп айта аламын.
Қаламыздың орталығы мен аудан, ауылдардан «Майбұлақ» секілді шағын қымызханалар көптеп бой көтерсе, ұлтымыздың саулығы жақсарып, азаматтардың орташа өмір сүру жасы 73-ке жетері күмәнсіз.
Нұржан ЖАҚСЫЛЫҚ