Бүгін Шымкент қаласының тұрғындары таңмен таласа Абдулхамид Қаттани мешітіне жиналды. 30 күн Ораза тұтқан  күллі мұсылман қауымы айт намазын оқыды.

Олжас Ханафин - Абдулхамид Қаттани мешітінің наиб-имамы

Бүгінгі күн сондай мерекелі күн. Мұсылманның бір міндеті - Ораза айтын шынайы мереке екенін жұртқа сезіндіру. Бұл бір ұлы мереке, Алла тағаланың бізге берген мерекенің бірі. Бүгінгі Ораза айты құтты болсын. Бүгінгі оқылған айт намазыын Алла тағалла бір өзі қабыл етсін.

Айт намазынан  соң елімізге тыныштық пен береке тілеп, дұға жасалды. Жиналған жамағат төс түйістіріп, бір-бірін ұлық мейраммен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Тұрсынхан Алматаев - Шымкент қаласының тұрғыны

Аллаға шүкір 30 күн Ораза ұстап, Айтқа жеттік. Келесі жылы да бар жақсылықта Оразаға Айт намазына жете берейік. Мынау айт кезінде адамдардың бір біріне деген сыйластығы болу керек. Ұрыс-жанжал болса, бір-біріне кешірімді болсын деп тілейміз. Айт құтты болсын. Барша жұрт мақсат-мұратына жете берсін.

Айт намазынан кейін қала мешіті жанында ұлттық ойындардан түрлі сайыстар ұйымдастырылды. Білекті жігіттер күш сынасты. Жеңімпаздарға арнайы жүлделер табыс етілді. Бірлік пен ынтымақты, достық пен шаттықты насихаттайтын, адамдардың жан дүниесін қуанышқа бөлейтін ұлық мейрам осылайша көтеріңкі көңіл-күймен басталды.

С.ҚҰТТЫБАЙҰЛЫ