Аудандағы 52 мектептің барлығында спорт залдары бар. Енді тұрғындар кешкі уақытта барып, өздері қалаған спорттық ойындармен шұғылдануға болады. Ол үшін арнайы жоспар кестесі және ережелері бекітілді. Жергілікті спорт ғимараттарында арнайы бекітілген кестеге сәйкес жауапты мамандардың кезекшілігі ұйымдастырылды.
Мадияр Құрбаналиев – Төлеби ауданы дене шынықтыру және спорт бөлім басшысы
Аудандағы барлық білім беру мекемелеріндегі спорт залдарда, енді тұрғындар кешкі уақытта спортпен шұғылданалады. Бұл тұрғындарының денсаулығына берер пайдасы мол, және уақыттарын тиымды пайдалану болып табылады. Бұл Елбасының жаңа жолдауынан туындаған жаңашылдық.
Аудан басшылығы Бірінші мамыр ауылдық округінің бірінші мамыр мектебі және Ленгер қаласындағы №7 жалпы орта мектептерінің спорт залдарына ат басын бұрды. Онда жергілікті тұрғындардың спортпен шұғылданып жатқанына көз жеткізді. Атап айтсақ, волейбол, кіші футбол ойындарын өткізуге мүмкіндік алған.
Ақжол Ілияс – Төлеби ауданының тұрғыны
Бізге жақсы мүмкіндіктер жасап жатыр. Біз өте қуаныштымыз. Кешкі уақытты тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндіктер ашылды.
Аудан басшылығы мектептердегі залды пайдаланғанда мемлекет мүлкіне зиян келтірмеуді назарға алу керектігін айтады. Тұрғындар арнайы спорт киімімен келіп қауіпсіздік ережелерін ұстанса , нұр үстіне нұр болмақ.
Арайлым БАЙЗАХОВА