Бұл күнде көкек әкелерде көп. Сот орындаушылардың мәліметі бойынша орындалмай қалатын істің көбі алимент дауы. Осы даудың басы қиындықтан қашатын жалқау жігіттердің жауапсыздығы. Бибігүл Дәулетбекқызы алғашқы туындысында   қазақ қоғамындағы тың мәселе көтерілген.   Жұмыс емес жатып ішерлікке құмар  альфонс жігіттердің бетпердесін ашуға тырысқан.

Бибігүл Дәулетбекқызы - журналист

Қаншама қазықтың қара көз қыздары алданып жатыр. Альфонс деген ұғымның өзі жатып ішер деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде біздің қазақтың жігіттері масыл жігіттер көбейіп кетті. 5 баласымен әйелін тастап кетіп немесе жұмыс істемей масыл болып жатып алатындар көбейген.

Танымал журналист тағдыры тұйыққа тірелген талай отбасының аяқтан тұрып кетуіне  себепкер болған.  Тұсаукесер барысында әлеуметтік желідегі жазбасынан соң үйлі болған көпбалалы отбасылар жайында бейнеролик көптің назарына ұсынылды.  Ал еліміздің әр өңірінен келген оқырмандар сөзі өткір қаламы ұшқыр журналистке өз тілектерін жаудырды. 

 Кеш соңында оқырмандар «Альфонс жігіттің тағдыры» деп аталатын кітап авторынан қолтаңба алуға асықты. Кітаптың Шымкенттегі  тұсаукесеріне 300-ден  аса адам жиналды.  Көпшілік автормен тікелей тілдесіп арқа –жарқа болып тарасты.

 

К. Дүйсенбі