Жансейіт Түймебаев – Облыс әкімі
Орыстың, Европаның, Американың мультфильмдері бүкіл дүние жүзін жаулап алып отыр. Ал, қай ел осындай мультфильмдерді көбірек түсірсе, ол рухани жағынан бүкіл елді солар жаулап алады. Солардың идеологиясы басым болады. Сондықтан, біздің болашағымыз үшін, келешек қазағымыз үшін, рухани байлығымыз үшін, өзіміздің діліміз үшін, тілімзді үшін, дініміз үшін, болмысымыз үшін, өзімізді сақтап қалатын ең үлкен нәрсе осы.
«Отырарды қорғау» анимациялық фильмінде... көне Отырардың тұрмыс-тіршілігі, сауда қызған....тарихи жәдігерлерге толы шаһар екені көрсетіледі. Бар оқиға әлемнің екінші кітапханасы орналасқан өлкеге екі балдырғанның оқу іздеп келуінен басталады.
Қалаға төнген қауіпті кітап оқу арқылы қайыруға болады. Біліммен мыңды жеңе алатын қос баланың ерлігі... мультфильмді тамашалап отырған әр көрерменнің патриоттық рухын оятады.
Жанел Нұржанова – көрермен
Бұл мультфильм маған өте қатты ұнады. Бұдан, жалпы түсінгенім, Отырарды қорғаған адамдардың арқасында осы өмірде жүрміз деп ойладым.
Мультфильм сценариі толықтай тарихға негізделмеген. Жауға жарты жыл берілмеген әйгілі Отырар қаласы ғана бас объект ретінде алынған.
Батырхан Дәуренбеков – «Оңтүстікфильм» КММ-нің директоры
Біз бұл жерде былай айтып жатқан жоқпыз... Мысалы: Шыңғыс ханның шабуылыдеп. Бірақ, кішкентай екі баланың өз еліне деген патриотизмі және әр заманның өз ерлігіне сай, сол кішкентай балалрға тән ерлікті көрсете біледі.
2D, 3D форматтарында әзірленген анимациялық фильмдер дайындауда Оңтүстік киностудиялары өз қарқынына мінді. Ал, облыс басшылығы шығармашылық ұжымның кәсіби шеберлігі арқылы туризмді дамытуды басты мақсат етуде. Алдағы уақытта «Төле би», «Ордабасы», «Түркістан» өлкелері туралы да мультфильмдер мен көркем фильмдер түсіру жоспарланып отыр. Туындыларды барлық Отандық телеарналардан тамашалауға болады.
АЙЗАТ Бауыржанқызы