Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихындағы маңызы зор саналатын 35748 әскери бөліміне 83 жыл толып отыр. Айтулы датаны сала майталмандары мен жас сарбаздар салтанатты түрде атап өтті. Сондай-ақ кеш барысында үздік әскери қызметшілер марапатталды.
35748 әскери бөлімі 1942 жылы құрылған. Отан соғысының ауыр жылдарында жасақталған бұл бөлімше бүгінде өз дәстүрін сақтай отырып, заманауи талаптарға сай дамып келеді. Әскерилердің кәсіби даярлығы, техникалық жарақталуы және тәртібі – бөлімнің беделін арттыра түскен.
ЕРЖАН САБЫРБЕКҰЛЫ, 35748 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ЖАУЫНГЕРЛІК ЖӘНЕ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгін әскери бөлімімізге 83 жыл толып отыр. Іс-шараға әскери қызметшілер мен жанұялары ардегерлер қатысып жатыр.Баршаңызды осы мерекемен құттықтаймын биік жетістіктерге жетуге тілектеспін таныстырылуда, әскери бөлімімізді тілектеспін.
Мерекелік шара аясында үздік әскери қызметшілер марапатталды. Олардың қатарында Ақмаржан Рахымбаева да бар. 11 жылдан бері әскери бөлімде қызмет етіп келе жатқан ол өзі басқарып отырған медицина ротасы үздік нәтиже көрсеткені үшін сый-сияпатқа бөленді.
АҚМАРЖАН РАХИМБАЕВА, МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТІНІҢ МАЙОРЫ
83 жыдық мерекемен құттықтаймын.Бұл марапат менің ғана емес менің ротамның жетістігі осындай бірінші орын алдық.
Әскер – өмір мектебі. Мұндағы сарбаздар мен офицерлер тек кәсіби шеберлігімен емес, адамгершілік қасиеттерімен де ерекшеленеді. Олар қиын сәттерде бір-біріне демеу болып, әскери міндеттерді орындап қана қоймай, қоғамға үлгі бола біледі.