Еліміздің энергетика саласына қатысты мәселелерді шешу үшін ұлттық жоба қабылданған болатын. «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» деп аталатын бағдарлама аясында Шымкентте алқалы мәжіліс болып өтті. Бұл іс-шара Alageum Electric компаниялар тобына кіретін Asia Trafo трансформатор зауытының ғимаратында ұйымдастырылды.


Республикалық конференцияға ортақ мүддеге иек артқан алпауыт компания өкілдері қатысты. Олар әуелі Asia Trafo зауытының өндірістік әлеуетімен танысты. Отандық трансформатор өнеркәсібінің жүрегі болып табылатын зауыт жұмысын жоғары бағалады. Ал, «Бейтерек» ұлттық холдингі кәсіпорынның жұмысын жандандыруға қомақты қаржы бөлмекші.


ӘЛИЯ МЫРЗАҒАЛИЕВА, «БӘЙТЕРЕК» ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ХОЛДИНГІ» АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

2029 жылға дейін жалғасатын ауқымды жаңғыртудың арқасында коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүруі керек. Біздің басты мақсатымыз қазір отандық тауар өндірушілерді қолдау. Бүшін Шымкентке келудегі миссиямыз да осы.


2029 жылға дейін жалғасатын ауқымды шараның арқасында коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жанданбақ. Индустрия және құрылыс министрлігі осындай болжам жасап отыр. Сондай-ақ олар жобаның басты мақсаттарының бірі отандық тауар өндірушілерді қолдау екенін баса айтты.


ҒАЛЫМ БОЛАТОВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

Қазақстандық кәсіпорындардың әлеуеті өте зор. Негізгі мәселе - одан әрі техникалық қызмет көрсету және кепілдік мерзімі. Осы жерде айта кететін жайт, бүгінде Қазақстанда бірде-бір импорттаушы дәл осы Азия Трафо трансформатор зауыты секілді кепілдік қызметін көрсетпейді. Отандық өндірушілердің айтуынша, шеттен тасымалданған трансформаторлар көп жағдайда жөндеуді талап етеді. Біз энергияны үнемдейтін трансформаторларды сатып алу мүмкіндігін қарастыруға шақырамыз, өйткені қазір әлемде энергияны үнемдейтін жабдыққа, соның ішінде трансформаторларға сұраныс өте жоғары.


ASIA TRAFO ТРАНСФОРМАТОРЛАРЫНА СҰРАНЫС АРТҚАН


Ұлттық жоба аясындағы шараның Asia Trafo трансформатор зауытында ұйымдастырылуы тегін емес. Бұл зауыт трансформатор жабдықтарын шығаратын елдегі ең ірі кәсіпорын. 350 адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт өнімі ішкі нарықта ғана емес, шетелде де сұранысқа ие.


ДӘУІРБЕК ӘТЕЕВ, ASIA TRAFO ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ

Зауыт әлеуеті жыл сайын апртып отыр. Трансформатордың мұнда түр-түрі шығарылады...


Кәсіпорын жыл сайын ТМД нарығына кернеуі 110 кВ және одан жоғары жабдықтар көлемін ұлғайтуда. Іс-шараға келген қонақтарға бірегей жаңа өнім – қуаты 250 мың кВт және кернеуі 500 кВт үш фазалы автотрансформаторлар таныстырылды. Оның ұзындығы 13 метрден асады, биіктігі 10 метр. Бұл Қазақстанда бар автотрансформаторлардың ең ірі түрлерінің бірі. Өнімнің жалпы салмағы-295 тонна.