Шымкентте жүзуден республикалық чемпионат басталды. Спорттық сайыс жасөспірімдер мен жасы кіші ұл-қыздар арасында ұйымдастырылып отыр. 4 күнге жалғасады. Оған еліміздің 20 өңірінен командалар келген. Ал үшінші мегаполистен 50 бала қатысып жатыр.


«Денсаулық» спорт кешенінде өтіп жатқан спорттық жарыста 300 бала бақ сынап жатыр. Бұл қатарда Тараз қаласынан келген Әлмұрат Әнуаров та бар. Ол 100 метр қашықтыққа жүзеді. Бұған дейін елімізде өткен бірнеше жарыста жүлделі орынға ие болған жас спортшы бұл жолы да жеңістен үмітті.


 ӘЛМҰРАТ ӘНУАРОВ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ

Біз жарысқа өте мықты дайындықпен келдік. Біз бұл жерде дайындалып жарыста бірінші орын алып келу керекпіз. Бұл жерде 200 метр еркін жүзуден, 100 метр ватерфляй. Мен бүгін 100 метр ватерфляй жүземін.


Чемпионат жас спортшылардың жүзу шеберлігін шыңдауға және тәжірбие алмасуға үлкен мүмкіндік бермек. Мұндай сайыстар балалардың өзара деңгейін көрсетіп қана қаймайды. Болашақта халықаралық додаларда ел намысын қорғайтын үздіктерді анықтайды.


САЯН МЕКЕМБАЕВ, Л.ТӘЖИЕВА АТЫНДАҒЫ №4 ОЛИМПИАДА РЕЗЕРВІНІҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

2025 жылдың 2-6 маусым күндері аралығында кіші жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты бүгін өзінің жалауын көтеріп жатыр. Кешегі күн келу күні. 3 күні жарысытың ашылу күні. Жарыс 4 күнге счозылады. Осы жарыстан кейін ҚР құрама командасын осы кіші жасөспірімдер арасынан іріктеп алады спортшыларды. Алда азия чемпионаты бар әлемдік деңгейдегі жарыстар. Соның алдындағы ҚР құрама командасына іріктеп алу жарысы.


Шымкент – суда жүзу спорт түрлеріне өте ыңғайлы қала. Ауа райының қолайлылығы спортшылардың 4 мезгілде жаттығуына мүмкіндік береді. Сондықтан болар бір ғана мектептің мыңнан аса баласы спорттың осы түрімен айналысады.