1 маусым – Халықаралық балалар күнінде «Орталық» саябақта мерекелік шара өтті. Балалардың шат-шадыман күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйіне толы сәт нағыз қуаныш пен мейірім шаһарына айналды. Салтанатты жиында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары бүлдіршіндерді құттықтап, ізгі тілегін арнады.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Балалар – біздің болашағымыздың кепілі. Мемлекетіміз бала шыр етіп дүниеге келгеннен ержетіп өскенге дейін бар жағдайын жасап отыр. «Келешек депозиті» сынды мемлекеттік бағдарламалар – балалардың өмірін жақсартуға, олардың білім мен шығармашылыққа құштарлығын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Бүгінгі мерекелік шара да балалар үшін
Мерекеге орай арнайы ұйымдастырылған бағдарламада цирк әртістері өнер көрсетіп, түрлі театрландырылған қойылымдар сахналанды. Балаларға арналған ойын алаңдары мен шығармашылық шеберліктер де мерекенің сәнін келтірді.
БЕРІКБАЙ ЕЛТАЙҰЛЫ, ҰСТАЗ
Біз қаладағы мектептен өзіміздің ерекше балаларымыздың өнер туындыларын әкеліп отырмыз. Оларға шығармалығын жақсартуға мүмкіндік мол.
Осылайша, шаһардағы бүлдіршіндер үшін 1 маусым ұмытылмас әсер мен қуанышқа толы ерекше күн болды. Шаһардың әр түкпірінен жиналған балалар мен ата-аналар ерекше сезімге бөленіп, шат-шадыман күй кешті.
Бұл күн – балаларға қуаныш сыйлауға арналған тағы бір жарқын күн болды.