Шымкентте ерекше той өтті. Бір күнде 30 бала мұсылмандық жолмен сүндеттеліп, атқа мінді. Игілікті іске Қазақстан халқы Ассамбелясы мұрындық болған. 30 жылдыққа 30 игі іс-шарасы аясында қолға алынған бастама балалар күніне орайласытырылды.
Салтанатты рәсім ұлттық нақышта өрбіді. Қазақы киім киген балалар сән-салтанатпен атқа мініп, ел назарын өзіне аударды. Дәстүрге сай шашу шашылып, арнайы дастархан жайылды.
ТАХИРБЕК НИШАНБАЕВ, ӨЗБЕК ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Бұл жерде әр энос өкілдерін шақырып, оларды мынау қауынтып отырмыз. Жалпы Ассамблея осындай игі істерге қашанда бастамашыл болып келеді.
Бүгін атқа мініп, қуанған бүлдіршіндер әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен балалар үйінің тәрбиеленушілері. Оларды мұсылмандық жолмен сүндеттеуге аға буын демеушілік жасаған.
ӘРІПЖАН ХАЛНАЗАР, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Сондықтан елдің ауызбіршілігімен, ынтымағымен қолға алынатын шара. Осындайда өзінің көмегін беріп жатқан кәсіпкерлерге де рахметімізді айтамыз.
Салтанатты іс-шарада балаларға сый-сияпаттар табысталып, ән мен күй төгілді. Жиналған жұртшылық игі дәстүрдің жалғасын тапқанына қуанышты. Ата-аналар мұндай кештің балалар үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін тәрбиелік мәні зор екенін айтады.
ЖАҢЫЛАЙ ӨТЕШОВА, АТА-АНА
Менің жеті балам бар. Осы балаларға той істеп беріп жатқандарға рахметімді айтамын. Балалар ғана емес, ана-аналар да қуанып отырмыз.
Жалпы, бұл Ассамблеяның ел болашағы – ұрпақ тәрбиесіне арнаған кезекті қайырымды қадамы. 30 жылдыққа орай қолға алынған бұл қайырымды іс татулық пен бірліктің нақты көрінісі.