Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде білім және өзге де салаларда жетістікке жеткен 20 оқушыға алғыс хат пен 100 мың теңгенің сертификатын тапсырды.
Сондай-ақ 10 ерекше баланы арнайы марапаттап, 150 балаға сыйлық берді. Мереке концерттік бағдарламаға ұласып, цирк әртістері өнер көрсетті.
Өңірде жаз айларында 31 жазғы сауықтыру лагері 43 мыңнан астам балаға қызмет көрсетеді деп жоспарланған. Сондай ақ бюджеттен қаржы қаралып, жаңа 52 модулді лагерь салынуда. Іске қосылған жағдайда 7500 баланы қамтымақ. Балалардың қуанышына ортақтасқан Нұралхан Көшеров жауаптылармен бірге «Балауса» лагерін түгел аралап, жаңа маусымға дайындығын көрді. 150 орындық демалыс нысаны 7 ауысымда 1050 баланы қабылдап келген болатын. Осы жылы 200 орындық модуль салу арқылы орын саны 350-ге жетіп, 7 ауысымда 2450 бала қабылдауға мүмкіндік алып отыр. Осы бастама арқылы Түркістан қаласының 1450, Сауран ауданының 1000 баласын жазғы сауықтырумен қамтиды деп көзделген.