Түркістан облысында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы басталды. Дәстүрге айналған акцияның мақсаты: халыққа тегін заң көмегін көрсету арқылы құқықтық сауаттылығын арттыру.


Кез-келген азамат акцияда еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерінен тегін кеңес ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, мемлекеттік органдардың басшылары және басқа да мамандар бар. «Халық заңгері» акциясының әр ауданда өтетін орындары белгіленіп, тұрғындарды қабылдап жатыр.