Шымкентте волейболдан жасөспірімдер лигасы басталды. Жарыс 2011-2012 жылы туған мектеп оқушылары арасында өтіп жатыр. Ауқымды спорттық іс-шара жергілікті кәсіпкер мен AMANAT партиясының қолдауымен ұйымдастырылған. Үш айға жалғасатын сайыс оқушылардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында қолға алынған.
Жарысқа қала мектептерінен он команда қатысып, топтық кезеңде өзара бақ сынасуда. Алғашқы сайыста-ақ спортшылар бар күшін салып, командалық ойын мен тактикалық шеберлігін көрсетті. Үш ай бойы өтетін сайыс жергілікті кәсіпкердің демеушілігімен ұйымдастырылып отыр.
БАҒЛАН КӨПБАЕВ, ROYAL MOTORS AUTO КӨЛІК САЛОНЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бүгінгі жарысты осы ROYAL MOTORS ұжымымен бірлесіп ШЫмкент қласында Шымкент лигасын ұйымдастырып жатырмыз. Осы бұқаралық спорт түрін қолға алсақ деген ниетпен. Салауатты өмір салтын ұстанып ШЫмкент қаласының жастарының жазғы демалысын тиіпді әрі жақса пайдалансын деген ниетпен осы жарысыты ұйымдастырып жатырмыз. Жалпы Шымкент қалаының спорт басқармасына және АМАНАТ партиясына осы жастарға қолдау көрсеткеніне үлкен алғысымыцзды айтамыз. Жастарғатілеріміз тек сәттілік.
Лиганың ашылу салтанатына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақсат Толықбай арнайы қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Халық қалаулысы балаларды спортқа баулудың маңыздылығын атап өтіп, осындай бастамалардың жиі болуын қолдайтынын жеткізді.
МАҚСАТ ТОЛЫҚБАЙ, ҚР МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Жазғы каникулда не істейді балалар? Бірігіп үш ай бойы алдағы демалыста креемет шара деп есептейміз. Осы іс-шара ға енді демеушілер де табылып жатыр. Балаларға сыйлықтар тігіліп жатыр. Кез келген мемлекетті дамтатын компания бизнес дейміз. Соның сыртында кәсіпкерлерге де үндеу. Осы бізге руханиятты ұмытуымызға болмайды. Спортты ұмытуға болмайды. Осндай үлкен шараларға да демеушілік жасап жастарға бір көтеріңкі көңіл күй сыйласын дейміз. Жанкүйерлерге көтеріңкі көңіл күй сыйлаймыз. Қатысушылар бағын сынап ертең үздіктер марапатталатын болады. Қарап отырсаңыз барлығы мектеп оқушылары мәз-мейрам болып жүр. Демалыста бұл үлкен шара деп есептейміз. Ашылуы құтты болсын!
Лига аясында командалар апта сайын кездесіп, өзара шеберлігін сынайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – балаларды физикалық шыңдау ғана емес, тәрбие мен тәртіп мектебі. Сонымен қатар жазғы демалысты тиімді пайдаланудың тетігі.
МАРҒҰЛАН ҚҰЛБЕКОВ, АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Әр сенбі күні жарыс өткіземіз деп шештік. Жаз бойы өтеді бұл жарыс. Қатысып отырған 10 команда әр командада 12 спортшыдан қатысып жатыр. Сонда 120 спортшы жарысқа қатысып жатыр қазір. Қаланың құрама командасына іріктеу есебі кетеді. Бізде күзгі чемпионатымыз бар. Күзде республика чемпионатымыз бар. Соған алдындағы іріктеу кезеңі кетеді. Іріктейміз жасақтап қаланың намысын қорғайтын балаларды іріктеп Республика чемпионатына барады құдай қаласа.
Турнир үш ай бойы жалғасады. Қорытынды кезеңде жеңімпаздар тамыз айының үшінші аптасында анықталады. Жүлдегерлерге кубок пен ақшалай сыйлық табысталмақ.