«L.A.K Sherry» сән салоны қыз-келіншектерді әрлеуді үйретуді әдетке айналдырған бірден-бір орталық. Қазір мамандар жергілікті халықты жұмыспен қамту орталықтарымен келіссөзді нығайтқан. Соның негізінде 20-дан астам бұрымды шаш, бет бояу үлгілерін меңгеруде.
Гүлбахира Тәжібаева – қоғамдық бірлестік мүшесі
Бұл қыздар көп нәрсені үйреніп жатыр. Негізінде бұл жерде мүмкіндігі шектеулі балаларды таңдап отырмыз.
Фариза Алденова – екібаланың анасы. Арнайы білімі жоқ, жұмыссыз келіншек хабарландыру арқылы тегін курсқа қатысып жүр. 3 айда ол бет әрлеу мен тырнақ бояуды үйренді. Танымал виззажистен тегін дәріс алғанына қуанышты.
Фариза Алденова – дәріске қатысушы
Мен үшінші ай үйреніп жүрмін уже. Жақсы, үйренген сайын қуанып қоям. Негізінде мен осы жерде жұмысқа қалуға қарсы емеспін. Мені өздері де жұмысқа орналастырып береді.
Бұл күні виззажистер модель ретінде таңдаған Галинаның қуанышы ерекше. Ол – бірінші топтағы мүгедек. Онысына қарамай өмірге белсенді. Сол үшін бет боятып, көптің алдына шығуға бірден келісім берген.
Галина Өтеміс – модель
Мені әп-сәтте әдемі етіп жіберді. Сол үшін қуанамын. Рахмет бәріне, үйренген жақсы. Қыздар үйрене берсін, ал мен әдеттегідей модель болып жүре берейін.
Осылайша қыз-келіншектер дәрістің бір күнін ерекше атап өтті. Егер сіз жұмыссыз жүрген болсаңыз, арнайы орталықтың жолдамасымен бет әрлеп, шаш түюді үйренуге мүмкіндігіңіз бар. Әр бұрымды сұлу болуы тиіс. Оған сіз де үлес қосыңыз.
П.Биназарқызы