Бөржар ауылдық округінде 8 елдімекенде  11 мыңға тарта тұрғын өмір сүреді.  Негізгі күнкөрісі ауылшаруашылығымен ұштасқан аймақтың еншісінде 54 мың гектарға жуық жер бар. Оның 14 мыңы суармалы.

Ербол Алтынбаев – Бөржар ауылдық округінің әкімі

Негізгі күнкөріс осы ауылшаруашылығынан келіп датыр. Сондықтан суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуды қолға алып отырмыз. Былтыр 258 пайызға артығымен орындадық.

Мүмкіндік мол, дегенмен көрсеткіш көңіл көншітпейді. Ауылдық округте бюджет пен кіріс көзін жоспарлау, салық түсімін арттыру бойынша шикілік көп.

Әліпбек Өсербаев – Ордабасы ауданының әкімі

Мына көрсеткіштеріңіз мүлдем төмен. Жоспарлауда қателікбар. Ешқашан 258 пайызға орындадым деген әңгіме болмайды. Сіздер дұрыс жоспарлай алмағансыздар.

Ауылдық округтің білім саласында олқылық бар. Алдымен балаларды балабақшамен қамту мәселесі... мемлекеттік бөбекжайларға бала саны жетіспейді. Тиісінше мектеп жанынан ашылған шағын орталықтардың жұмысы қызып  тұр. Әліпбек Өсербаев тиісті салаға мемлекет қаржысын ысырап етпеу үшін шағын орталықтарды жабуды ұсынды.

Әліпбек Өсербаев – Ордабасы ауданының әкімі

Сізге не керегі бар, мына жаз мезгілінде ауылды жерлерде баланы балабақшамен толтыру мәселесі өте қиын. Шағын орталықтың бәрін жабыңыз.

Бөржарда тұрғындарға әлеуметтік көмек үлестіру мәселесі де кезек күттірмейді. Жауапты мамандар саннан шатысып, өзекті мәселеге салғырттық танытқандарын байқатты.

Ауылды жерлерде қарапайым жарық бағаналарын орнату, көшелерді жарықтандыру ісінде де шикілік бар. Барды ұқсата алмай отырған әкімге Әліпбек Шәріпбекұлы жыл соңына дейін жағдайды реттеуді тапсырды.  

Әліпбек Өсербаев – Ордабасы ауданының әкімі

Мен міні, айтып отырмын. Мына көрсеткіштеріңіз болмайды. Бір ақпарат айтып бере алмайсыздар. Сондықтан жыл соңына дейін кезең-кезеңімен атқарылатын жұмыстарды тізбектеп қойыңыздар да давайте жұмысқа кірісіңіздер. Жыл соңына дейін тапсырма, мынаның бәрін ретке келтіру керек.

Бөржар ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылында бой көтеріп жатқан жаңа мектептің құрылысына қатысты сын көп. Тұрғындар осы білім ошағына апаратын жолды ретке келтіруді сұрады. Сондай-ақ, білім ұясын таза ауызсумен қамтуды өтінді. Өз кезегінде Әліпбек Шәріпбекұлы елдімекендердің көшелеріне тас төсеу ісін кезек күттірмей шешетінін жеткізді.

П.Биназарқызы