Қазақстан дүниеге дүрбелең салған дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқылардың болып кірісті. Нәтижесінде тиісті сақтандыру шаралары жасалды. Мемлекеттік органдар арнаулы дайындықтан өткізілді. Өзге елдерде вирус қалай пайда болып, пандемия қалай өрбіп, өршігені бақыланды. Соның нәтижесінде індеттің етек алып кетуіне мүмкіндігінше жол берілмей, ахуал күн сайын тұрақты назарда ұсталып отыр.

Болатбек Тілеубердиев – филология ғылымдарының докторы, профессор

Жағдайды оңалту үшін көп жұмыс істелді, әлі де талай шаруа атқарылатын болады. Игі мақсаттағы іс-шаралардың бәріне жер-жерлерде бүкіл халық болып қолдау көрсеткеніміз жөн», деп атап өтті Елбасы өз Жолдауында. Ал, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып отырған М. Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры Дария Қожамжарова көреген көшбасшының парасатты пайымына өз пікірін білдірді.

Дария Қожамжарова – М. Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры

Реплика: Нұрсұлтан Назарбаев

Жаһан жұртын әбігерге салған пандемия бүкіл әлемде экономикалық дағдарыс туғызды. Алып кәсіпорындардың жұмысы тоқтады. Көлік атаулының қозғалысы шектелді. Мұнайдың бағасы құлдырады. Ел мен ел арасындағы шекаралар жабылып, алыс-беріс тиылды. Мұның бәрі бұрын-соңды болмаған аса ауқымды рецессияға әкеліп соқтырып, жұмыссыздықты көбейтіп отыр. Біздің Отанымыз Қазақстан – қазба байлықтарға, оның ішінде мұнайға бай ел. Мен «Бізде мұнай мен газ бар екен деп, үнемі соған тәуелді болған дұрыс емес» деп талай мәрте айтқанмын. Сондықтан егемендік жылдары біз ел экономикасын әртараптандырумен болдық. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін «Қазақстан – 2050» стратегиясын жасап, «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы аясында 1000-нан астам жаңа кәсіпорын аштық. Соның арқасында әлемдік бәсекеге қабілетті өнімдер шығарылып, елімізге жаңа технологиялар келді. Бұл еліміздің үшінші технологиялық жаңғыруына жол ашты...

Ел партиясы Nur Otanның әлеуеті коронавируспен күрес бастамаларын қолдауға бағытталатын болады. Мемлекет бұл қиындықтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Және тиісті шараның барлығын атқарады. Бірде-бір адам, еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды. Қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айрылмайық. Сонда ғана біз қастерлі тәуелсіздігімізді сақтап, Қазақстанды «Мәңгілік ел» болуға лайықты ете аламыз. Елбасы Жолдауының соңғы жолдарында айтылған қанатты сөздер халықты қанаттандырып-ақ тастады.

Г. Қалмырзақызы