Барлық білімнің бастауы – балабақшадан. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Сол себепті, мектепке дейінгі мекемелердің атқарар рөлі зор.1 қыркүйек білім күні – сағыныш сарынына толы мереке. Осыған орай «Бал-бөбек» бөбекжай балабақшысының балғындары құшақ-құшақ гүлін алып, ұстаздарымен қауышты. Мерекелік шарада ақ лебіздерін айтып, бар өнерін ортаға салды.
Раушан Қаныбекова - «Бал-бөбек» бөбекжай балабақшысының құрылтайшысы
«Бал-бөбек» бөбекжай балабақшы 2014 жылы 26 қарашада негізін қалаған. Мұндажоғары санатты мамандар қызмет етеді.Бүгінгі таңда 100-ге жуық бүлдіршін қабылданған.Заманауи талапқа сай мекемеде балғындар үшін барлық жағдай қарастырылған.Жатын бөлмелері мен арнайы жабдықталған оқу кабинеттері бар. Ғимараттың бірінші қабатында ойын бөлмелері бөлек орналасқан. Бәрінен бұрын санитарлық талаптар басты орында,- дейді Бақтыгүл Сейткеримова.
Бақтыгүл Сейткерімова – «Бал-бөбек» бөбекжай балабақшысының әдіскері
Айта кетейік, қазір бөбектерге анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізіледі. Соның нәтижесінде тәрбиелі, білімді ұрпақ балабақшадан мектепке дайын шәкірт болып шығады.
НазкенСкандар