Жалпы Әль-Фарабиaуданында 672 көпқабатты тұрғын үй бар. Әр үйдің көлеміне қарай қоқыс тастайтын 192 алаңша белгіленген. Онда 750ге жуық қоқыс жәшіктері орнатылған. Оның 35 не бейнекамера қойылған. Алайда қалаған жерге қоқыс тастап, қоршаған ортаны ластайтындар азаймай тұр дейді,-Әль-Фараби аудан әкімі аппараты, қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің басшысы Мұхтар Төлеуіш.

Роза Байымбетова - Тәуке хан көшесі бойында орналасқан 33 көпқабатты тұрғын үйде тұрады. Оның айтуынша үй ауласына көбіне сырттан келген адамдар қоқыс тастап кетеді екен. Әбден мезі болған тұрғындар әкімшілікке де шағымданып барған. Алайда, олардан мардымды жауап болмаған.

Айта кетейік жыл басынан бері ауданда 47 рейдтік іс-шара ұйымдастырылған. Нәтижесінде 1078 әкімшілік хаттама толтырылған. Оның 1071 ескерту болса, қалған 7–ііс бойынша құқық бұзушыларға айыппұл салынған.