Ерте жүктіліктің алдын алу мүмкін бе? Қыздар өз құқығын қалай қорғауы тиіс? Бұл сұрақтарға «Ел сұлуы – қыз бала» атты психологиялық кездесу барысында мамандар жауап берді. Шараны Жастар ресурстық орталығы «Қыздар кеңесі» мектебі жобасының аясында ұйымдастырған. Мақсат не?
Қазақ қоғамдындағы қыздар мәселесі тек қана ерте жүктілікке тіреліп тұрған жоқ. Одан бөлек, күйзеліс, өз құқығын білмеу, өзіне сенбеудің кесірінен талай бойжеткен бақытсыз күн кешіп отыр. Бірақ 21 ғасырда олай болмауы керек дейді мамандар. Шара осындай проблемалардан өзіне қол жұмсау аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім жастар мен жасөспірімдердің психологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталды.

Дәрігерлердің айтуынша, 100 жүкті әйелдің 3-10-ы жасөспірім болып келеді екен. Бұл мәселенің тек психологиялық емес, физиологиялық зардаптары жетерлік. Әйел 18 жастан асқанда ғана ағзасы мен санасы балалы болуға жарайды. БҰҰ дерегі бойынша Қазақстанда әр алтыншы жүктілік абортпен аяқталады екен. Оның дені 18 жасқа толмаған қыздар арасында болып отыр. Шымкентте «Жастар ресурстық орталық» бастамасымен «Қыздар кеңесі» мектебі жобасы жүзеге асып жатыр. Әрбір орта арнаулы, жоғары оқу орындарында қиын өмір жағдайында қалған қыздар жүгіне алатын адамдар, психологтар бар. Әркім өз тарапынан семинарлар мен лекциялар ұйымдастыра алады.
Қоғамда ерте тұрмыс құрып, отбасылық зорлық-зомбылық пен буллингке ұшырап жатқандар да жетерлік. Осы жылдың өзінде 10 мыңнан аса әйел өз күйеуінен құтқаруын тілеп, полицияға хабарласқан.