Биыл Шымкенттік  инспекция мамандары 133 килограмм қырыққабатты жойды. Оған себеп көкөністен зиянды «батыс гүл трипсі»  анықталған. Бұл туралы агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қалалық басшысыӘбдібақыт Мақұлбаев айтты. Ол сандай-ақ, Шымкентте өсімдік карантині бойынша заң бұзушылықтар көбейіп  бара жатқанын жеткізді.  

Шымкенттің бас агро инспектрі қалалық коммуникациялар қызметінде 8 айда атқарған жұмысын тізіп берді. Оның айтуынша, шаһар шаруаларыжыл басынан бері карантин сертификаты бар 150 мың тоннадан аса өнім экспортаған. Негізінен ұн өнімдері, күнбағыс майы мен күнжарасы Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға жеткізілген. Сала басшысы агроөнеркәсіптегі фитосанитариялық және карантин ережелерін бұзған 179 жағдай тіркеліп, 14 миллион теңгеге жуық айыппұл салынғанын айтты. 

Шымкенттің жалпы аумағы 116 мың гектар болса, соның тең жартысы ауыл шаруашылығы мақсатындапайдаланылады. Егістік алқаптарын зиянкестерден қорғау үшін Ахиллес улы химикаты қолданылған. 450 гектардан аса жер тексеріліп, кейбірінен «шығыстың жеміс жемірі», қызанақ күйесі мен қауын шыбынысияқты зиянкестер анықталған.

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкенттегі басшысы биыл 55 гектар егістік жерде карантин режимі енгізілгенін айтты. Алдағы уақытта фитосанитариялық  және карантин ережелерді сақтамағандарды жазалау жұмысы одан әрі жалғасатынын жеткізді.