«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы «Жасыл аймақ» апталығымен жалғасып жатыр. Қаратау ауданының тұрғындары мен  мәдениет өкілдері бұл жетіде көшелерді тазалап, саябақтар мен гүлзарларға абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

«Таза Қазақстан» акциясы   Қаратау ауданында жалғасты. Бүгінде  50-ден астам  мәдениет майталмандары  Алматы тас жолы бойына тазалық жұмыстарын жүргізіп,ағаш түптерін қопсытты.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға,  қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарды артыруды  көздеген науқан аясында  мәдениет саласының қызметкерлері қала тұрғындарын белсенді болуға шақырды.


Игорь Вербицкий-Шымкент қалалық Орыс драма театрының директоры
- Бүгін президент бастамасымен қолға алынған Таза қазақстан акциясын   қолдау мақсатында бізде   орыс драма театр ұжымымен белсенділік танытып жатырмыз.Жалпы Біз тазалық жұмысын  тек бір күн ғана емес күн сайын театр айналасында,өзге де аймақтарды тазалап акцияны қолдаудамыз.Біздің сүйікті қаламыз әрқашанда гүлденіп,  күл-қоқыстан тазаруы әрбіріміздің қолымызда сол себепті баршаңызды осы акцияға қатысуға шақырамын.

Мамандардың сөзінше акция аясында  Шымкентте ондаған тона қоқыс шығарылып, мыңдаған тал дарақтар отырғызылған. Айлық аясымен ғана шектелмейміз, деген олар әрмен қарайда санитарлық  тазалыққа белсенділік танытатынын жеткізді

 Айтып өтейік, акция 5 аптаға жалғасады, алдағы уақытта "Өнегелі ұрпақ" дейтін төртінші аптада ардагерлер сарайы мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазарту көзделген.