Шымкентте қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде бірнеше басқарманың атқарып жатқан жұмысы талқыланып, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды. Белсенділер тиісті сала өкілдеріне көкейдегі сауалдарын қойды.

 Қалада бюджетті атқару көрсеткіші жыл сайын жақсарып, былтырмен салыстырғанда едәуір жақсарып отыр. Шаһар мегаполис болған жылдан бастап, бюджет көлемі 146 миллиард теңге болса, кірістер 49 пайыз немесе 72 миллиард. Ал қазір арада 6 жыл өткенде жергілікті бюджет 722 миллиард екен. Оның ішінде өзіндік кіріс үлесі 53 процентке жетіп отыр. Осының нәтижесінде Шымкентте түрлі сала бойынша жетістік жетерлік.

Шымкент қаласы бюджетінің 2023 жылы кірістерінің орындаоуы мен шығындардың игерілуі туралы есебі тыңдалған соң кеңес мүшелері көкейдегі сауалдарын жаудырды.

Кеңес мүшесі аталған мәселені қалай тиімді шешу керегін сұрады. Басқарма басшысының сөзінше, қала әкімінің тапсырмасы бойынша сенімгерлік басқаруға берілген нысандар ғана емес, жекешелендірілген жерлердің тиімділігін қарау жөнінде жұмыс тобы құрылған. Олар сенімгерлік басқаруға берілген нысандарды тексерген көрінеді.

Сонымен қатар, қоғамдық кеңес отырысында транспорт басқармасының басшысы кей мәселе туралы сөз қозғаса, қала тұрғындарын баспанамен қамту шаралары туралы және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы мен нәтижелі жұмыстар бойынша баяндамалар тыңдалды. Аталған жиынға қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов та қатысып, айтылған ақпаратты мұқият тыңдап отырды.