№2 қалалық аурухана базасында гепаталогиялық орталық ашылды. Онда бүйрек ауруларының емі қабылданады. Осыған орай бауырдың созылмалы диффузды ауруларын емдеудің заманауи әдістері тақырыбында ғылыми тәжірбиелік конференция өтті.

Бауыр циррозымен ауыратын науқас саны жылда артып келеді.  Өзге өңірлерге қарағанда аурудың бұл түрі Шымкентте 4 есеге көп дейді ақхалаттылар.  Ал дерттің бұл түрінің дамуының бірден бір себебі вирусты гепатит. Осы орайда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кеселмен күресудің жаңа стратегиясын жасаған.

 Ал №2 қалалық аурухана базасында ашылған гепаталогиялық орталықта медициналық көмек көрсетіліп кеңес беріледі. Орталықта науқастарға арналған бөлмелер талаптарға сай жабдықталған. Бұған дейін мұндай орталық Астана мен Алматы қаласында жұмыс істеп келген.

Мамандардың айтуынша вирусты гепатит бүгінде кеңінен таралған инфекция.   Айта өтейік, қазіргі таңда 4983 азамат бауырдың вирусты гепатитімен есепке тіркелсе, бауыр цирозымен 500 ге жуық азамат  есепке алынған. Олардың жас ерекшелігі бойынша 48 пайызы 18 бен 45 жас аралығындағы тұрғындар.