Шымкентте мемлекеттік және оған теңестірілген қызметкерлерді түрмедегі жағдаймен таныстыру жалғасып жатыр. Антикордың ұйымдастыруымен «Казатомпром-SaUran» ұлттық компаниясының мамандары №69 тергеу изоляторында болды. Сотты болғандардың өмірімен танысып, тіршілігін бағамдады.

Антикор ұйытқы болған шараға Каз Атом Өнеркәсіп компаниясының еншілес мекемелерінен 50-ге тарта қызметкер қатыстырылды. 2018 жылдан бері үздіксіз өткізіліп келген шара сыбайлас жемқорлық әрекеттерін алдын алуға мүмкіндік береді.

Мамандар экскурциядан ерекше әсер алғандарын жасырмады. Бұл шара еркіндіктің ләзаттын сезінуге мүмкіндік бергенін алға тартып отыр. Мамандар осындай жиындар жең ұшына жалғасқан әрекеттерге тосқауыл болатынына сенімді.
Айтып өтейік, Шымкенттегі №69 түзеу мекемесінде 125 камера бар. Онда 850-ге тарта азамат түрлі қылмыстық әрекеті үшін сотталып жатыр. Сондай-ақ, аса ауыр қылмыс жасағандар осы жерде сот істері аяқталғанға дейін карантин бөлімінде 15 күн бақылауда болады.