«Алғашқы әскери технологиялық дайындық» пәнінің оқытушыларына арналған Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. №1 оқушылар сарайының ғимаратында өткен іс-шара «Кәсіби құзыреттілігін дамыту және технологиялық оқыту» жол картасы аясында  ұйымдастырылды.  Оған қалалық әкімдік, күштік құрылымдар мен қоғам өкілдері қатысты.

Іс-шара АӘТД мұғалімдерінің пәндік білімі мен  педагогтерге қолдау көрсету бойынша кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған. Жиынға Генерал-Майор Сабыр Рахымов атындағы Республикалық Жас ұлан мектебінің тәрбиеленушілері де қатысты. Солардың бірі Дулат Омаров. Болашақта әскери қызметкер болуды көздеген ол тәжірбиелік дайындық кезінде түрлі дағдыларды үйренетінін айтты.

Жиын барысында Халық Қаһарманы ҰОС ардагері тұңғыш армия генералы ҚР бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов пен ҰОС ардагері Рақымжан Кошқарбаевтың 100 жылдығына арналған сурет пен әскери қару-жарақ, әскери киім үлгілері көрмесі ұйымдастырылды.

Әскери технологиялық дайындық пәніне арналған іс-шараның мақсаты білім беру ұйымдары мен жастарды әскери қызметке дайындау, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін ояту. Ресаубликалық ғылыми-әдістемелік конференция бұған дейін Астана, Алматы қалаларында өткен. Жиын пленарлық сессия және секциялық отырыс болып екі бағытта өтті.

Айта өтейік, әскери іс-шараға С. Рахимов атындағы «Жас Ұлан» әскери мектебінің курсанттары, алғашқы әскери технологиялық дайындық пәнінің  педагогтері мен жас сарбаз қозғалысының  тәрбиеленушілері қатысты.