«Су ресурстары маркетинг» ЖШС-гі 2023 жылды қорытындылады. Есепті кездесуге су тұтынушылар, үй бикелері мен қоғам белсенділері қатысты. Жиында салада атқарылған оңды істер айтылып, алдағы жоспарлар сараланды. Тұрғындарды сапалы ауызсымен қамту, сарқынды суды қайта өңдеу бағытындағы инновациялық жобалар таныстырылды.

«Су ресурстары маркетинг» ЖШС шаһар тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтитын бірден бір мекеме. Халыққа қалтқысыз қызмет етудің негізгі жолы құбырларға тікелей байланысты. Десе де олардың тозу деңгейі көңіл көншітпей отыр. Қазір қаладағы Шаһардағы 2000-ға жуық құбырдың 60 пайызы, 450 кәріз жүйесінің 70 пайызы тозған.

 Жиында белгілі болғандай, су тарифі бойынша ең арзан баға Шымкентте. 1 лит су 9 теңге тұрады. Тиісінше қалада су және кәріз үшін 1 айға 260-ақ теңге төлейтін обоненттер көп. Бұл жағдай да бағаның төмендігін көрсетеді. Су тұтынушылары осында игіліктерге алғыс білдіріп отыр.

Мегаполисте су есептегіш құралдарын цифрландыру жүйесі мықтап қолға алынуда. Осының негізінде айына 3 кубтан көп мөлшерде су жұмысағандар артызқ шығын үшін 20 дпайыз жоғарлатылған бағамен төлем жасайтын болады. Айтып өткен жөн қазір шаһарда  суды 3 кубка дейін пайдаланатындар 74 пайызды құрап отыр.