Академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл. Атаулы күнге орай мегаполис мұғалімдері ғылыми конференцияда бас біріктірді. Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы орта мектебінде өткен ауқымды шараны тілші әңгімелейді.

Алқалы жиын академиктің өмір жолын баяндайтын бейнефильмен басталды.  Қаныш Сәтбаев алгебра бойынша қазақ тіліндегі алғашқы мектеп оқулығын жасады. Ол 220 сөзден, терминдерден және орамдардан тұратын ең бай лексикографияны біріктірген. Академик геологияда металлогениялық бағыттың негізін қалаған. Геология әрқашан оның басты құштарлығы және үлкен қызығушылығы болды. Дара тұлғаның сара жолы көпке үлгі –дейді ұйымдастырушылар.

Конференцияға мегаполистегі жалпы  172 мектептен директор орынбасарлары мен мұғалімдер келді.  Қаныш Сәтбаевты зерттеп жүрген ғалымдар мен ізденушілер  мінберге шығып ойларын ортаға салды.  Семинарға қатысушылар  өзара тәжірибе алмасып көрген, білгендерін өз шәкіртеріне жеткізетін болады.

Қаныш Сатбаев  алғашқы Қазақстандық металлогендік мектепті құрып, формациялық металлогендік талдау мен кен орындарын болжаудың тұтас кешенді әдісін әзірледі. Оның әдісінің арқасында 30-шы жылдардың соңында әлемдегі ең ірі Жезқазған мыс кен орны ашылды.