Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт кешенінде волейболдан жоғарғы лига ерлер командалары арасындағы Қазақстан Республикасының  32-ші чемпионаты аяқталды.  Сәуірдің 19-26 аралығында өткен елшілік додада республикадан 5 команда қатысып, тартысты ойындар өткізді.

 Басты мақсат чемпионаттың алтын тәжін кию. Осы орайда жүлделі орындардан көріну үшін барлық құрама шаршы алаңда бар өнерлерін ортаға салды. Апта бойы жалғасқан чемпионаттың нәтижесінде Түркістан облысының «Тұран» командасы өз мықтылықтарын дәлелдеп, 2-ші рет қатарынан чемпион атанды.

Қызылорданың «Қайсар» волейболшылары күміс жүлдеге қол жеткізсе, Маңғыстаулықтар қола медальді қанағат етті.  Ойын соңында чемпионаттың үздік ойыншылары да марапаттан тыс қалмады. Бұл номинация бойынша «Тұран» командасының талантты ойыншысы Олег Верегин «Ең үздік ойыншы» атанды. (MVP)

Айта кетейік, Сабыржан Бульдуруков жетекшілік ететін Түркістан облысының «Тұран» спорт ойын түрлері клубы биылғы маусымда ғаламат нәтижеге қол жеткізді. Волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында тұрандық арулар чемпион атанса, жоғарғы лига ерлер командалары арасында да жеңістің шыңын бағындырды. Одан бөлек, волейболдан 21 жасқа дейінгі қыздары жүлделі орыннан көрініп, өңір мерейін асқақтаты. Айта кетейік, баскетбол, гандбол чемпионаттарында да тұрандық спортшылар үздіктер қатарында.