Шардаралық кәсіпкер жігіт кәдімгі жауынқұрттан көл-көсір табыс тауып отыр.Бақытжан Нұржанов ерекше кәсібін ауыл жастарына   тегін үйретуге де  дайын. Тек ынта керек дейді ол. Табиғи жолмен биогумус өндіріп жүрген іскер жан енді  тез өсетін павлония ағаштарын   қолға алыпты. Ол сүйікті қаласына алдағы уақытта мың түп ағашты тегін отырғызып бермек. Тақырыпты ерекше кәсіп иесімен жолығып қайтқан тілшіміз сабақтайды.

Бақытжан Нұржанов ерекше кәсібін бастамас бұрын үй іргелік жеріне көшет егіп, сатумен айналысқан екен.Бір жылы көкөнісі шықпай қалып, белшеден шығынға батыпты.Кейін зерттей келе жер құнарсызданып кеткеніне көз жеткізген. Сосын топырақтың құнарын арттыру жағын қарастырыпты. Сөйтіп жүріп осы кәсіпке көзі түседі. Істің қыр-сырын оқып қаныққан соң бірден жұмысын бастапты. Үй іргелік жеріндегі жылыжайы жауынқұрттардың қалдықты өңдейтін цехынай айналған.
Қазір богумустың екі түрін шығарып жатыр екен. Сұйық тыңайтқышты әзірге Семейден әкеледі. Болашақта оны да өзімізде өндіру жоспарда бар Калифорния жауынқұрттары жеп,жұмсартып шыққан топырақтар жердің құнарын арттырып қана қоймайды, өнімді де еселейді, дейді ол. Бұл жайтқа өзіміз де куә болды. Есік алдындағы тамырына биогумус төгілген анары мен жүзімі ерекше салып тұр екен. 
Іскер жігіт енді әлемде сирек кездесетін Павлония ағашын егуді қолға алыпты.Жылына алты метрге дейін өсетін өсімдік түстікке тез бейімделіпті. Үлкен жапырақтары шаңды бойына тартып алып оттегін екі есе бөледі.Бір ағаш 30 салқындатқыштың жұмысын атқарады екен.Тағы бір ерекшелігі төрт-түлікке таптырмас азық екен.Ең негізгісі жихазға таптырмас шикізат, дейді   кәсіпкер. 
Жауынқұрттар қорадан шығарып тастаған малдардың қиы мен түрлі пөп қалдықтарын өңдейді.Бақша өнімдерін әсіресе қауын-дарбыз бен, асқабақты сүйіп жейді екен. Кәсібін  үй іргелік жерде бастаған ол енді шаруашылығын кеңейтіп жатыр екен.  Малдың қиы мен түрлі қалдықтарды төгіп іс бастағанда иісі жағымсыз болса да ісіме қолдау білдірген көршілеріме мың алғыс, дейді  іскер жігіт.