«Аманат» партиясы жаңа саяси тұғырнамасының жобасын қоғамдық талқылау жер жерде жалғасып жатыр. Бүгін көшбасшы ұйымның Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы жанындағы «Бедел» БПҰ-да аудандық конференцияға делегат сайлау бойынша жиын өткізді. 

«Бедел» БПҰ-да 400-ден астам мүше бар. Бүгінгі жиынға соның 40-ы қатысты. Әл-Фараби ауданына қарасты бастауыш партия ұйымы жиында әуелі саяси тұғырнамаға қатысты өз ойлапрын ортаға салды. 
Бұл әрбір қазақстандыққа өз ойын ашық айтып ұсыныс енгізуге мүмкіндік беретін алаң.  Құжатты жаңарту кезінде тек «халық үніне құлақ асатын партия» форматы негізге алынады. Сонымен қатар еркін пікір алмасып кең көлемде саяси диалог қамтамасыз етілмек. 
Бұл жұмыстарға партияның барлық филиалдары, Мәжілістегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы фракциялар тартылады. Саяси тұғырнаманың қорытынды жобасы 6-қазанда Астанада өтетін кезектен тыс 24 сьезінде талқыланбақ. Басқосуда «беделдіктер» делегация мүшелерін сайлады. Сьезге 4 азамат қатысатын болды.