Шымкенттің әл-Фараби ауданында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар азайған. Биыл 1-тоқсанда 1950 азамат алса, 2-тоқсан қорытындысы бойынша олардың саны 417-ге төмендеген. Ал былтыр 1-тоқсанда 6759 азамат мемлекеттен берілетін жәрдемге қол созса, 4-тоқсанда олардың саны 1907 өтініш болып, 4852-ге төмендепті. 

Қазіргі таңда қаланың бел ортасында орналасқан Әл-Фараби ауданында 17 «алтын алқа» иегері тұрады екен, 69 ана «күміс алқа» таққан. Әлеуметтік көмек көрсетілген отбасылардың саны – 1350. 18 000 зейнеткер осы ауданда тұрады. Мүмкіндігі шектеулі 600 азамат бар. Жалғыз басты қарттар саны 44. Мемлекеттен әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға тиісті көмек көрсетіліп келеді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауында: «азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты басты басымдық» деген болатын. Мұқтаждыққа қарай берілетін әлеуметтік жәрдем түрі қолжетімді. Төленетін жәрдемақыдан бөлек, жалғызбасты, күнкөрісі төмен адамдарға тұрғын үй жәрдемақысы, әлеуметтік қызмет түрлерін тағайындау секілді қызметтер бар.