Шымкентте кәсіпкер әйелдер форумы өтті. Оған ісін дөңгелетіп отырған 500-ге жуық әйел қатысты. Шараның мақсаты әйелдер кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау, өңір экономикасын дамытудағы әйелдердің рөлін айқындау.Сондай-ақ, әйелдер үшін жаңа жұмыс орындарын ашу. 

Табысты мансап құруда әйелдердің орны ерекше.Кәсіпкер әйелдер форумына жиналған осылай деді. Төрт жыл бұрын құрылған кеңес төрайымы ұйымның арқасында үйде отырған бірнеше әйелдің кәсіп ашқанын айтты. Кеңеске келген келіншектер бірінші білім алып, кәсіптің қыр-сырын үйренеді. Одан кейін мемлекеттік гранттар конкурсына қатысып, идеясын іске айналдырады.

Шолпанай Әбдірахманова шымкенттік іскер әйелдердің қатарына қосылды. Ол биыл мемлекеттік қолдау арқылы идеясын кәсіпке айналдырды. Бүгінде бірнеше адамды жұмыспен қамтып үлгерді. Форумға кәсібін одан әрі дамыту үшін тәжірибе жинауға келгенін айтты.  

Форум аясында табысты кәсіпкерлер шеберлік сабағын өткізді. Шараға қатысушылар бизнес ортадағы әйелдердің белсенділігін арттыру арқылы елді үздіксіз дамытуға болады деген тұжырымға келді. Сондай-ақ кез келген салада гендірлік теңдіктің сақталуы -  халықтың әл-ауқатын көтеруге ықпал ететін бірден бір фактор екені айтылды.