Дені сау ұлт – мықты мемлекеттің негізі. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында медицина саласындағы өзекті мәселелер назардан тыс қалған жоқ. Денсаулық сақтау саласын дамыту бағытындағы жұмыстарды Шымкенттің бас дәрігері Нұрлыбек Асылбеков баспасөз мәджілісінде баян етті. 

Миллиондар мегаполиісінде денсаулық сақтау басқармасына қарасты 33 ұйым бар. 12 қалалық емхана, 15 стационар, 6 басқа да медициналық мекеме жұмыс істеп тұр. Биыл бірқатар нысан тотытайын таранып, заманауи кейіпке енді.  Жеке инвесторлардын есебінен 4 медициналық ұйым жөндеу көрді. 
Президент Үкіметке денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік сапаны қаржыландыру жүйесін қайта қарауды тапсырды. Осы бағытта бірқатар шарттар жасалды. Келісім шарттардың сомасы 96,2 млрд.теңгені құрайды. 
Алайда, биыл денсаулық саласын қаржыландыру бойынша барлығы -3,348 млрд теңге тапшылығы байқалып отыр. Оған елдегі қымбатшылық пен инфляцияның әсері бар. Дегенмен, дәрігерлердің біліктілігін арттыру күн тәртібіндегі басты мәселе. Биыл 87 грант бөлінді. Алдағы 3 жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейеді. Жыл соңына дейін 2938 медициналық қызметкер біліктілігін арттырмақ.